Жаңалықтар
NIS оқушылары «Зерде» республикалық конкурсында жоғары нәтиже көрсетті
02 ақпан 2026
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болды.
I орын иегерлері:
Даниал Шакизада – NIS Қызылорда (Информатика, робототехника, STEM инженерия секциясы)
Ақжан Алтай – NIS Астана (Математика, қолданбалы математика секциясы)
II орын иегерлері:
Мансур Мусиралиев – NIS Ақтау (Медицина, психология, экология секциясы)
III орын иегерлері:
Ақнар Сансызбай – NIS Астана-Нұра (Туризм және спорт секциясы)
Амила Монтыкаева – International Steppe School of Astana by NIS (Туризм және спорт секциясы)
Айта кетейік, республикалық байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, логикалық және инженерлік ойлау қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы дарынды балаларды қолдауға бағытталған.