banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары республикалық «Ақберен» байқауында жүлделі орындар иеленді

news
10 қараша 2026 |
42

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары республикалық «Ақберен» шығармашылық байқауында топ жарды. Ақтаудағы NIS оқушысы Адия Базарбай мен Семейдегі NIS оқушысы Бірғаным Төлеубекова екінші орындарға ие болды. Ал Түркістандағы NIS оқушысы Нұрәлі Құдайберген мақтау грамотасымен марапатталды.

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 140 дарынды оқушының басын қосқан байқау жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнер мен әдеби мұраны дәріптеуге бағытталды.

Жас өнерпаздар шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық музыкалық аспаптарда орындаушылық шеберлік көрсету, айтыс және ақындар мүшәйрасы сынды алты бағыт бойынша бақ сынады. Қатысушылардың өнері мен шығармашылық жұмыстарын ғалымдар, профессорлар, танымал ақын-жазушылар және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-