Жаңалықтар
NIS оқушылары Қазақстан қоржынына қос жүлде салды
Еуропалық география олимпиадасында NIS оқушылары екі медаль жеңіп алды
Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасында (EGeO) Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қазақстан құрамасы сапында сәтті өнер көрсетіп, алтын және күміс медаль иеленді.
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Андрей Енбахтов олимпиаданың алтын медалін жеңіп алса, Павлодар қаласындағы NIS оқушысы Шыңғыс Мүрсәлім күміс жүлдеге ие болды.
EGeO – география пәнінен дарынды мектеп оқушыларының теориялық білімі, картографиялық сауаттылығы, кеңістіктік ойлауы және далалық зерттеу дағдылары сыналатын халықаралық зияткерлік жарыс. Биыл олимпиадаға 13 елден 100-ден астам оқушы қатысты. Қатысушылар жазбаша тест, мультимедиалық тапсырмалар және далалық зерттеу кезеңдері бойынша бақ сынады.