Жаңалықтар
NIS оқушылары Президенттік олимпиада жүлдегерлері атанды
Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиада өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 15 оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 4 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 11–12-сыныптарда оқитын 188 үздік оқушы қатысты. Қатысушылар математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығын арттыру.
Қатысушылардың жұмыстарын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Қазақстанның және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен PhD дәрежесі бар мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады.
Алтын медаль иегерлері:
Шайхислам Асқанбай – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Әлихан Әкім – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Жанат Әбілғалиев – Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы NIS
Нұрбақыт Сағилатова – Қызылордадағы NIS
Күміс медаль иегерлері:
Ағзам Усман – Көкшетаудағы NIS
Асқар Мұстафин – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
Ақжол Әділ – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
Азат Шадмет – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
Ислам Аманшиев – Ақтөбедегі NIS
Қола медаль иегерлері:
Жәңгір Махатов – Семейдегі NIS
Ернұр Сапаралиұлы – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Зарина Сегізбаева – Павлодардағы NIS
Әлинұр Ниязов – Тараздағы NIS
Әміржан Әлмұхан – Ақтөбедегі NIS
Арслан Исенхан – Семейдегі NIS