banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары IESO олимпиадасында Қазақстан рекордын жаңартты

news

18 тамыз 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қытайдың Цзинин қаласында өткен Жер туралы ғылымдар бойынша 18-ші халықаралық олимпиадада (IESO) Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады. Жас геологтар жеті медаль иеленіп, еліміздің осы беделді жарысқа қатысқан он жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Биыл Қазақстан құрамасының барлық мүшесі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары болды.

Earth Systems Project номинациясында екі алтын медальді Астана қаласының Нұра ауданындағы NIS оқушылары Алина Айтжанова мен Альнұр Тұрсынханов жеңіп алды. Ал Талдықорған қаласындағы NIS оқушысы Ақжол Болат осы номинацияда қола жүлдеге ие болды. International Team Field Investigation халықаралық командалық зерттеуінде Альнұр Тұрсынханов, Ақжол Болат және Қызылордадағы NIS оқушысы Надира Атымтай үш қола медаль еншіледі. Сондай-ақ Ақжол Болат теориялық және практикалық сынақтардың қорытындысы бойынша тағы бір қола медальді ел қоржынына салды.

Қазақстан он жыл ішінде аталған олимпиадаға қатысып, барлығы 35 медаль жеңіп алған еді. Алайда дәл биылғы жетістік – рекордтық нәтиже ретінде тарихқа енді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-