Жаңалықтар
NIS-ке қабылдау: құжат тапсыру және тестілеу мерзімдері
22 қыркүйек 2026 |
246
2027–2028 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімдері белгіленді.
Құжат қабылдау: 2026 жылғы 23 қараша – 28 желтоқсан
Өтінімді:
- eGov.kz порталы арқылы – онлайн;
- Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қабылдау комиссияларына қағаз түрінде беруге болады.
Кешенді тестілеу 2027 жылғы 26–27 наурызда өтеді.
Толық ақпаратты nis.edu.kz сайтынан және @nis.admission парақшасынан таба аласыз.