banner

Жаңалықтар

International Steppe School of Astana by NIS-ке жаңа директор тағайындалды

news

09 қаңтар 2026

Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіне кіретін International Steppe School of Astana мектебінің директоры болып Нұрлан Мансуров тағайындалды.

Нұрлан Мансуровтың білім беру саласында 14 жылдық еңбек өтілі бар. Ол отандық және халықаралық білім беру ұйымдарында оқу сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын дамыту, халықаралық жобаларды іске асыру және басқару процестерін жетілдіру бағыттарында кәсіби тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «BeyimTech» компаниясында, Назарбаев Университетінің Зерттеу және инновациялар жүйесі (NURIS) құрылымында, Ұлттық биотехнология орталығында, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында қызмет атқарған.

Нұрлан Асылбекұлы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде биотехнология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде биотехнология саласының педагогикалық бағыты бойынша магистрлік білімін тәмамдады. Сонымен қатар білім беру менеджменті, көшбасшылық және бағалау жүйелері салаларында халықаралық және ұлттық деңгейде біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен.