Жаңалықтар
100-ден астам NIS оқушысы тоғызқұмалақ ойынында бақ сынады
12 қараша 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті. Жарыс PlayOK онлайн-платформасында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушыны біріктірді.
Турнир үш жас санаты – 5–6, 7–9 және 10–12 сыныптар бойынша өтті. Қатысушылар бірнеше кезең бойы өз білімін, логикалық ойлау қабілетін және стратегия құру дағдысын көрсетті.
Жарыс нәтижесінде қатысушылар ұлттық ойынды жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеп, үздік ойыншылар анықталды.
5–6 сынып ұлдары арасында:
1 орын – Айсұлтан Әбдуәлі, Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
2 орын – Әлихан Дәрібаев, ISS in Astana by NIS
3 орын – Мансұр Болат, Көкшетаудағы NIS
5–6 сынып қыздары арасында:
1 орын – Жасмин Елеусізова, Қостанайдағы NIS
2 орын – Амелия Қасымбекова, Петропавлдағы NIS
3 орын – Малика Жеңіс, ISS in Astana by NIS
Командалық есеп (5–6 сыныптар):
1 орын – Айсұлтан Әбдуәлі мен Әнел Айдар, Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
2 орын – Әлихан Дәрібаев пен Малика Жеңіс, ISS in Astana by NIS
3 орын – Мансұр Болат пен Аружан Еспембетова, Көкшетаудағы NIS
7–9 сынып ұлдары арасында:
1 орын – Ардақ Қабдыр, Павлодардағы NIS
2 орын – Нұрәлі Айтқазы, Талдықорғандағы NIS
3 орын – Ертай Серік, Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS
7–9 сынып қыздары арасында:
1 орын – Айдана Аманғали, Оралдағы NIS
2 орын – Айзере Арысбек, Қостанайдағы NIS
3 орын – Нұрай Шабанова, Павлодардағы NIS
Командалық есеп (7–9 сыныптар):
1 орын – Ардақ Қабдыр мен Нұрай Шабанова, Павлодардағы NIS
2 орын – Ералхан Бахтияр мен Айдана Аманғали, Оралдағы NIS
3 орын – Бақдәулет Исембек пен Айару Абдулла, Түркістандағы NIS
10–12 сынып ұлдары арасында:
1 орын – Әлихан Жұмашев, Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS
2 орын – Ақберен Бақытберген, Қызылордадағы NIS
3 орын – Ерхан Ерсайын, Оралдағы NIS
10–12 сынып қыздары арасында:
1 орын – Әсел Рыспай, Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы NIS
2 орын – Инабат Мажитова, Оралдағы NIS
3 орын – Назерке Жәрдем, Ақтаудағы NIS
Командалық есеп (10–12 сыныптар):
1 орын – Ерхан Ерсайын мен Инабат Мажитова, Оралдағы NIS
2 орын – Жанарыс Тілеукүл мен Назерке Жәрдем, Ақтаудағы NIS
3 орын – Ақберен Бақытберген мен Жәния Тәңірберген, Қызылордадағы NIS
Бұл спартакиада ұлттық мұраны насихаттау, зияткерлік мәдениетті дамыту және оқушылардың аналитикалық ойлауын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.