
2025 жылғы Тамыз конференциясы

2025 жылғы Тамыз конференциясына қош келдіңіздер!
Құрметті әріптестер, ардақты достар!
Сіздермен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің биылғы жылы «Құндылықтар – білім берудің қозғаушы күші: қазіргі мұғалім нені және қалай үйретеді?» тақырыбы аясында өтетін NIS Тамыз конференциясында жүздесетінімізге өте қуаныштымыз.
2025 жылғы Тамыз конференциясы 21–22 тамыз күндері Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді, ал 25–29 тамыз аралығында барлық Зияткерлік мектептерде онлайн форматта өз жұмысын жалғастырады.
Қарқынды өзгерістер алаңына айналған бүгінгі әлемде құндылықтар білім мазмұны мен оқыту тәсілдерінің негізін құрап отыр. Қазіргі заман мұғалімі – тек жан-жақты білім иесі ғана емес, сонымен қатар ол – шәкірттерінің жүрегіне жол таба білетін тәлімгер, бағыт беруші және шабыттандырушы тұлға.
Конференция барысында мазмұнды баяндамалар тыңдап, дәстүрлі «Табысты тәжірибелер панорамасымен» танысасыздар; тәжірибелік сессияларға қатысып, пікір алмаса аласыздар. Бұл іс-шаралар құндылықтардың оқушылардың тұтас дамуына тигізетін шешуші рөлін айқындауға мүмкіндік береді.
Сіздерді Конференция жұмысына белсенді қатысып, ашық пікір алмасуға және бірлесіп нәтижелі еңбек етуге шақырамыз. Тамыз айындағы осы дәстүрлі кездесулеріміз әрқайсымыздың кәсіби қызметімізге шабыт сыйлап, толайым табыстарға жетуге серпін береді деп сенеміз.
Сіздерді жаңа 2025–2026 оқу жылымен құттықтап, зор табыстар тілейміз!
Құрметпен,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Негізгі спикерлер:
Жанғозин Әнуар Қанатұлы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы
Ескендір Бестай
Педагог-тренер, «Ustart academy» басшысы
Уалкенова Динара Хамитовна
PhD, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Балалардың игілігі департаментінің директоры
Абдрахманова Алтынай
EI пен SEL құзыреттіліктерін дамыту саласындағы сарапшысы