Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- Жетісу өңірінде Қоғалы тірек мектебі таныстырылды
Жетісу өңірінде Қоғалы тірек мектебі таныстырылды

2023 жылдың 30 қазанында Жетісу облысының Кербұлақ ауданында екінші тірек мектептің таныстырылымы болды. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасына қатысқан Қоғалы орта мектебінің оқу кабинеттері мен шеберханасы толықтай қайта жасақталды. Жобаны «Қазақстан халқы» қоғамдық қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесіп жүзеге асырып отыр.
Жоба білім сапасын арттырып, озық педагогикалық тәжірибені енгізуге және тірек мектептерді қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге бағытталған. Материалдық-техникалық жабдықтаудан бөлек, мектептің педагогикалық ұжымына оқыту бағдарламалары мен әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Қоғалы ауылындағы орта мектеп 1980 жылы салынған. Бұл білім мекемесінің тірек мектеп мәртебесіне ие болуы мектептің де, ауылдың да дамуына тың серпін бермек.
Қоғалы мектебіне осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жасалмаған. Биыл ол «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасының тізіміне енген соң аудан әкімдігі 100 млн теңгеге жуық қаражат бөліп, жылу жүйесі мен ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оған мектептің түлектері де 10 млн теңге көлемінде қолдау көрсеткен.
«Мектебіміз 1200 оқушыға арналғанымен, қазір ол толық пайдаланылып жатқан жоқ. Енді тірек мектеп атанып жатқан соң жақын орналасқан шағын ауылдардағы оқушыларға да білім бермекпіз. Әрі бізде интернат бар. Онда Қоғалының шаруа қожалықтарындағы балалар оқи алады. Мектебіміздің оған әлеуеті жетеді», – дейді мектеп директоры Нұргүл Арпабекова.
https://furo.kz/tpost/cp468esjv1-zhetsu-rnde-oali-trek-mekteb-tanistirild