Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- Халықаралық Roboland фестивалінде ауылдық тірек мектеп оқушылары жүлделі орындарды еншіледі
Халықаралық Roboland фестивалінде ауылдық тірек мектеп оқушылары жүлделі орындарды еншіледі

Қарағандыда VIII халықаралық Roboland фестивалі өтті. Фестиваль Қарағанды облысының білім басқармасы, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры және Kazdidac қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Фестиваль биыл серіктестер мен демеушілердің қолдауымен айтарлықтай ауқым алды. Қарағандыға Қазақстан командалардан бөлек, Португалия, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан және басқа да елдерден 900-ден астам қатысушы келді.
Фестивальдің 16 бағыты мен жас санаттары бойынша қатысқан ауыл мектебінің командалары жоғары орындардан көрінді. Атап айтсақ, Бейнеу ауылының 8-9 сынып оқушылары «Кегельринг-квадро» бағытында бақ сынап, үшінші орынды иеленді. Онда қатысушылар құрастырған роботтар кегельді шектеулі сызықтан асыру керек болатын.
Байқаудың тағы бір жеңімпазы – Алғын ауданы, Бестамақ ауылынан келген Ерсұлтан Жалғасбай. Ол ұсынған жұмыс – робот-инкубатор. Жас өнертапқыштың жетекшісі Жансая Қуатбай бұл идея алғаш рет мамыр айында пайда болғанын айтады.
Тағы бір жүлде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылының командасына бұйырды. Олар «Робогеометрия» бағыты бойынша бәсекеге түсіп, робототехникадан әлем чемпионатына қатысқан Өзбекстан командасына есе жіберді.
Байқау жеңімпаздарына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жеңімпаздардың толық тізімімен сайттан танысуға болады.
https://furo.kz/tpost/20jfiihy21-haliarali-roboland-festivalnde-auildi-tr