banner

Тәжірибені тарату

Қазақстандағы Код сағаты

news
2023 жылдың желтоқсан айында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасының 21 тірек мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері Халықаралық информатика апталығы аясында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясын өткізді. Дүниежүзілік акцияға тірек мектептерден 1324 оқушы қатысты.

«Код сағаты» - бұл 180-ден астам елден бірнеше миллион студенттер мен оқушыларды қамтитын жаһандық қозғалыс. Акцияның міндеті – оқушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстыру және оларға нақты ғылымдарға қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Акция информатика мен бағдарламалауды зерделеуді насихаттауға, бүгінгі таңда ең сұранысқа ие ІТ-мамандықтың беделін арттыруға бағытталған. «Код сағатын» өткізу барысында оқушылар интерактивті тренажерларды игерді және төрт қолмен бағдарламалау негіздерімен танысты, сондай-ақ жасанды интеллектті оқытудың практикалық сабақтарын өтті.

Іс-шараға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері қатысты. «Код сағаты» форматы арнайы информатика сабақтарын қамтиды, онда мұғалімдер балаларға бағдарламашылардың жұмысымен таныстырып, оқушылармен бірге нақты кодтың алғашқы жолдарын бірге жазды. https://www.hourofcode.kz/ru.html сайтындағы ресурстарды және ақпараттық материалдар пайдаланылды. Бұл материалдар тақырыпты тереңірек түсінуге, бағдарламалау мен ақпараттық технологиялар саласындағы білімді практикалық қолдануға ықпал етті.