banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Ауылдық тірек мектептер Виртуалды мектепте дәрістер алды

Ауылдық тірек мектептер Виртуалды мектепте дәрістер алды

news
            2023 жылдың 9 қазаны мен 18 желтоқсан аралығында «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасына қатысушы 79 мектептің 6-сынып оқушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ виртуалды мектебінде оқыды.

Виртуалды мектеп Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары үшін құрылған. Виртуалды мектептің негізгі мақсаты оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстық іріктеуден өтуге дайындау болып табылады.

Виртуалды мектепте оқыту тегін. Курс соңында оқушылар материалды бекіту үшін қорытынды онлайн-тестілеуден өтті.

Қорытынды тестілеуде 50% немесе одан да көп балл жинаған оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында офлайн түрде демалыс мектебінде оқыды.