
Біз туралы
Ғылыми-зерттеу қызметі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі даму Cтратегиясына сәйкес, ғылыми-зерттеу қызметі тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылады. Зерттеуге негізделген даму – ғылымды, білім мен тәжірибені біріктіре отырып, тиімді әрі зерттеуге негізделген білім беру шешімдерін жасауға бағытталған аса маңызды қағида болып табылады.
ДББҰ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін және басқару шешімдерін қабылдауда дәлелді деректерге негізделетін болады:
ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер;
желілік мониторингтік және тәжірибеге бағытталған зерттеулер;
мұғалімдердің қолданбалы зерттеулері (Action Research және Lesson Study) және басқа да зерттеу түрлері.
Сонымен қатар, ДББҰ 2023 жылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясын алды. Бұл мәртебе ұйымның зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар мүмкіндіктерге жол ашты. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі – гранттық қаржыландыруға қолжетімділік.
Осыған байланысты ДББҰ ұйымның зерттеу әлеуетін нығайту бағытында келесі негізгі бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде:
ДББҰ мен оның филиалдарында жүргізілетін зерттеулерді үйлестіру және қолдау жұмысы;
Жинақталған тәжірибе мен үздік практикаларды тарату;
Зерттеу нәтижелерін қолдану және тәжірибеге енгізу.
ДББҰ-ның ғылыми-зерттеу қызметі туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://research.nis.edu.kz/