banner

Жаңалықтар

Зияткерлік мектептерді QS рейтингіндегі тағы бір үздік жоғары оқу орны мойындады

news

01 шілде 2024

Мельбурн университеті NIS-Programme білім беру бағдарламасын және NIS Grade 12 Certificate сертификатын мойындады. Енді NIS оқушысы аталмыш оқу ордасына бакалавриатқа ешбір қосымша шарттарсыз түсе алады. Түлектер таңдаған мамандығына байланысты AAA, AAВ, ВВВ сертификатының бағалары негізінде университеттің бірінші курсына қабылданады.


Бұл NIS-тің биыл сәуір айында Мельбурн қаласында (Австралия) өткен CIS-тің жыл сайынғы мектеп және университет көшбасшыларының саммитіне қатысуы нәтижесінде мүмкін болып отыр.


Айта кету керек, Мельбурн университеті – Австралиядағы ең үздік зерттеуші ЖОО-ның бірі және QS World University Rankings бойынша әлемде 13-ші орында тұрған Виктория штатындағы ең көне университет.