banner

Жаңалықтар

NIS желілік спартакиадасының волейболдан үздік командалары анықталды

news
29 желтоқсан 2025 |
68

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткен волейболдан желілік спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

Сайыстың финалдық кезеңі Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы NIS-те ұйымдастырылды. Жарысқа өңірлік кезеңдерден өткен мықты командалар жиналды. Спартакиадаға 9–10-сыныптардың 127 оқушысы қатысып, барлық ойын күндері бойы жоғары бәсеке мен тартысты матчтарға ұласты.

Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде турнир көшбасшылары анықталды:

Ұлдар арасында:

I орын – Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS

II орын – Көкшетаудағы NIS

III орын – Тараздағы NIS

Қыздар арасында:

I орын – Тараздағы NIS

II орын – Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы NIS

III орын – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS

Жеке номинациялар

Ұлдар арасында:

«Үздік ойыншы» – Павлодардағы NIS оқушысы Нұрғалым Байшұқыр

«Үздік шабуылшы» – Қызылордадағы NIS оқушысы Нұрислам Төлеухан

«Үздік байланыстырушы» – Өскемендегі NIS оқушысы Ералы Тоқтаған

«Үздік қорғаушы» – Ақтаудағы NIS оқушысы Сержан Нұрғали

Қыздар арасында:

«Үздік ойыншы» – Атыраудағы NIS оқушысы Үкілісағыныш Ахмет

«Үздік шабуылшы» – Оралдағы NIS оқушысы Алуа Нұржан

«Үздік байланыстырушы» – NIS IB оқушысы Мариям Құсайынова

«Үздік қорғаушы» – Петропавлдағы NIS оқушысы Милана Мейрамова

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-