Жаңалықтар
NIS ұстаздары республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында жеңіске жетті
Түркістан қаласында өткен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің командасы бірінші орынды иеленді. Зияткерлік сайысқа еліміздің әр өңірінен жиналған 22 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша NIS құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Команда құрамында Астанадағы NIS мұғалімі Әсет Мұхтархан, NIS Алматы-Медеу мектебінің мұғалімі Берік Джургабаев, NIS Шымкент-Қаратау мектебінің мұғалімдері Данияр Уразтаев пен Ғабит Жорғабаев бар.
«Математикалық регата» — қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін, есеп шығару жылдамдығын және командалық үйлесімділігін бағалауға бағытталған командалық олимпиада. Сайыс барысында мұғалімдер қысқа уақыт ішінде күрделі есептерді бірлесе шешеді.
Бұл нәтиже Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтерінің кәсіби деңгейінің жоғары екенін және пәндік құзыреттіліктің жүйелі түрде дамып отырғанын көрсетеді.