banner

Жаңалықтар

NIS Тамыз кеңесінде алдағы оқу жылының басымдықтары айқындалды

news

22 тамыз 2025

Дәстүрлі тамыз конференциясы аясында білім беру саясатын жетілдіру мен басқару тәжірибесін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар өтті.

Алғашқы «ДББҰ Педагогтер кеңесінің рөлі» атты сессияны NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин ашып, өз баяндамасында Педагогтер кеңесінің мектептер мен басшылық арасындағы байланыс орнатып, білім беру ортасының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін маңызды алқалық орган екенін жеткізді.

Әнуар Қанатұлы Педагогтер кеңесі тек күн тәртібіндегі мәселелерді шешіп қана қоймай, стратегиялық бағыттарды да айқындайтынын атап өтті. 2025–2026 оқу жылының басым бағыттары ретінде мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатын қолдау, әдістемелік күндерді белгілеу және педагогтердің тілдік құзыреттерін жетілдіру белгіленді.

Екінші «ӘБҚ тәжірибесінен кейстер» атты сессияны NIS Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов жүргізді. Онда қатысушылар мектептердің әкімшілік-басқарушылық қызметкерлері жұмысының тәжірибесінен алынған бірнеше жағдайды талқылады. Сабыржан Өміртайұлының сөзінше, мұндай талқылаулар нормативтік рәсімдердегі әлсіз тұстарды анықтап, басқарушыларды күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.

Конференция қорытындысында NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин тамыз кеңесінің кәсіби қауымдастық үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ өткен оқу жылы табысты өткенін еске сала отырып, жаңа оқу жылында жеткен межені сақтап, жаңа жетістіктерге жету міндетін қойды.

Тамыз конференциясы енді онлайн форматта жалғасын таппақ. Бұл кездесулер педагогтерге өз тәжірибесін ортаға салып, жаңа идеялар әзірлеуге және білім беру ортасын дамытуға тың бастамалар ұсынуға мүмкіндік береді.

 

 

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-