Жаңалықтар
NIS-Programme бағдарламасы Abai University тарапынан ресми түрде танылды
20 ақпан 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme бағдарламасы мен түлектерге берілетін NIS Grade 12 Certificate сертификатын ресми түрде мойындады.
Университет бағдарлама мазмұнының заманауи академиялық стандарттарға сәйкес келетінін растап, оның халықаралық бағытта құрылғанын және түлектердің дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Нәтижесінде Зияткерлік мектептердің түлектері таңдаған мамандығына байланысты кей пәндер бойынша жетістіктерін есепке алдыру арқылы қысқартылған бакалавриат бағдарламаларына түсе алады.
Abai University – еліміздегі жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі. Университет білім сапасымен және ұлттық әрі халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштерімен танымал.
Айта кетейік, бүгінде NIS-Programme мен NIS Grade 12 Certificate-ті ресми қабылдайтын отандық жоғары оқу орындарының саны 26-ға жетті.