banner

Жаңалықтар

NIS пен Халықаралық білім беру корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

news

10 шілде 2025

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім Зияткерлік мектеп түлектерінің білім алу нәтижелерін ресми мойындау және бакалавриаттың қысқартылған бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға жәрдемдесу арқылы олардың академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Тараптар NIS оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын бірлесе жүргізуге, білімге құштар әрі мақсатшыл түлектерге жеделдетілген білім беру бағдарламаларына түсу кезінде қолдау көрсетуге, сондай-ақ Зияткерлік мектептерде бұрын меңгерілген жалпы білім беретін пәндерді корпорациядағы оқу орындарына қабылдау барысында тануға уағдаласты. Бұл түлектер үшін оқу бағдарламаларын терең меңгеруге қосымша ынталандыру жасап, кәсіби ортаға біртіндеп бейімделуін қамтамасыз етеді.

Халықаралық білім беру корпорациясы құрамына еліміздің жетекші оқу орындары – Digital College, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университеті және осы оқу ордаларына қарасты колледждер мен мектептер кіреді.

Корпорация – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда сәулет, құрылыс, дизайн және оларға қатысты салалар бойынша мамандар даярланады. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді, бакалавриаттың 32, магистратураның 16 және докторантураның 6 бағдарламасы бар. Сонымен қатар америкалық университеттердің курстарын қоса алғанда, халықаралық бағдарламалармен ықпалдасуға және жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінеді.

Айта кетейік, бүгінде Зияткерлік мектептерінің білім беру нәтижелерін 25 қазақстандық, 70 шетелдік университет және 10 халықаралық ұйым ресми түрде мойындайды.