banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

news

20 ақпан 2026

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қарағанды қаласында өткен 8–11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңінде жүлделі орындарға ие болды.

Финалдық кезеңге еліміздің барлық өңірінен 370 оқушы қатысып, 293 ғылыми жоба ұсынылды. Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өткізілді.

Байқау оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, ғылыми дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға және тарих, әдебиет, тіл білімі мен өзге де гуманитарлық ғылымдар саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған.

NIS оқушылары аталған бағыттар бойынша жоғары зерттеу дайындығын көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

I орын

Этномәдениеттану
Есбол Азан – NIS Ақтау

Тіл білімі (орыс тілі)
Асылбек Кутумбеков – NIS Семей

II орын

Тіл білімі (ағылшын тілі)
Даниял Талғатов – NIS Алматы-Наурызбай
Әлемгер Байпейісов – NIS Алматы-Наурызбай

III орын

Өлкетану
Нұрасыл Құрманғали – NIS Алматы-Наурызбай
Әділжан Байдалин – NIS Алматы-Наурызбай

Тіл білімі (қазақ тілі)
Айсұлтан Әуелбай – NIS Талдықорған
Аңсажан Акыметұлы – NIS Талдықорған

Әдебиет (қазақ әдебиеті)
Камила Арғынова – NIS Павлодар
Мәнсия Мұхамбет – NIS Орал

Тарих
Мадина Баекесова – NIS Орал
Зейнеп Молдаш – NIS Тараз

Сонымен қатар бірқатар NIS оқушылары ұсынған зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды:

Тіл білімі (ағылшын тілі)
А
ңсар Баширов – NIS Өскемен

Тіл білімі (орыс тілі)
Жалил Нұрланов – NIS Өскемен
Алдияр Мәлікұлы – NIS Өскемен

Тіл білімі (қазақ тілі)
Наргиза Кирейханқызы – NIS Орал
Айнара Мендікүл – NIS Орал

Тарих
Мерей Нұрлан – NIS Астана
Ақнұр Дидарқызы – NIS Астана