Жаңалықтар
NIS оқушылары IOAI 2026 додасында 100% нәтиже көрсетті
Астанада өткен Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадада (IOAI 2026) ұлттық құрама сапында бақ сынаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бес оқушысының барлығы жүлдегер атанды. Зияткерлер ел қоржынына бір алтын және төрт қола медаль салды.
Қарағанды қаласындағы NIS оқушысы Сұлтанби Исатай алтын медаль иеленсе, Тараздағы NIS оқушылары Исламнұр Құсайынов, Дінмұхаммед Ынтықбай, Ұлықбек Усманов және Талдықорғандағы NIS оқушысы Жәнібек Қасымхан қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, биылғы халықаралық додаға 106 елден 400-ден астам оқушы қатысып, жасанды интеллект саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын сынға салды. Олимпиаданың ашылуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, жасанды интеллектіні меңгерген жаңа буынды қалыптастырудың маңызын атап өтті.