banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары El Umiti Cup 2026 республикалық дебат турнирінде жеңіске жетті

news
28 қазан 2026 |
30

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «El Umiti Cup 2026» республикалық дебат гранд-турнирінде жүлделі орындарға ие болды.

Биыл турнирге Қазақстанның 20 өңірінен 200-ге жуық үздік дебатшы қатысты. Қазақ және ағылшын лигаларында бақ сынаған қатысушылар өздерінің дәлелді пікір айту, сыни ойлау және шешендік қабілеттерін көрсетті.

Ағылшын лигасының жеңімпаздары:

Топ-1 – Әлихан Марат, NIS Астана–Нұра

Топ-2 – Аида Алмаз, NIS Қарағанды

Топ-3 – Аружан Мұздыбай, NIS Семей

Ағылшын лигасының финалистері:

Топ-12 – Еркебұлан Сейдуәлиев, NIS Петропавл

Топ-17 – Айжан Ақылбекова, NIS Семей

Үздік спикерлер рейтингінен орын алған оқушылар:

Топ-4 – Алуа Жамбулова, NIS Орал

Топ-5 – Аружан Саин, NIS Орал

Топ-7 – Диана Мустахимқызы, NIS Орал

Топ-9 – Зере Ілияс, NIS Павлодар

«El Umiti Cup» турнирі 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және мектеп оқушылары арасындағы еліміздегі ең ірі дебат жарыстарының бірі саналады. Турнир оқушылардың сыни ойлау, өз пікірін дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Турнирді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «El Umiti» корпоративтік қорының және InVision U университетінің қолдауымен «Дебат Елі» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жарыс аясында InVision U университеті жеңімпаздар мен үздік қатысушыларға білім гранттарын ұсынып, олардың алдағы уақытта білімін жалғастырып, кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-