banner

Құжаттар мен хабарландырулар

«НЗМ Астана-Нұра» филиалы қызметкерлері үшін Отбасы Банк арқылы жалдау-жинақтау тетігі бағдарламасына кейіннен қатысуымен қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

Хабарландыру

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында (бұдан әрі – НИШ Астана–Нұра) 2026 жылғы 10 максым мен 24 маусым аралығында НИШ Астана–Нұра қызметкерлері үшін босатылған қызметтік тұрғын үйді бөлуге құжаттар қабылдау жүргізіледі. Бұдан кейін Отбасы Банк арқылы жалдау жинақтау тетігі бағдарламасына қатысу қарастырылған.

1. Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 54-үй, 117-пәтер мекенжайында орналасқан бір бөлмелі қызметтік тұрғын үй.

Қызметтік тұрғын үй беру қағидаларымен және өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесімен www.nis.edu.kz сайтында танысуға болады.

Қызметтік тұрғын үй алуға үміткерлерден өтініштер мен құжаттар пакеті 2026 жылғы 24 маусым күні сағат 17:30-ға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21, НИШ Астана–Нұра, кадр мәселелері жөніндегі инспектор кабинеті.

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, Хусейн бен Талал, 21/1 үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2026 жылғы 25 маусым күні 10.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1166 8 (7172) 57-57-85, ішкі 2519