banner

Конкурстық іріктеу нәтижелері

2026-2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің кешенді тестілеу нәтижелері

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Осы бетте 2026 жылғы 27-28 наурызда өткізілген 2026-2027 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу нәтижелерімен танысуға болады.

1-күн. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтау бойынша тест:

1. «Математика» бөлімі – 400 балл;

2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;

3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.

2-күн. Тілдік тест:

1. Қазақ тілі – 200 балл;

2. Орыс тілі – 200 балл;

3. Ағылшын тілі – 200 балл.

Тестілеу нәтижелерін өңдеу Cito Педагогикалық өлшеулер институтында (Нидерланд) жүзеге асырылады. Үміткерлердің жауаптары статистикалық және психометриялық талдауға негізделген арнайы бағдарламалық жасақтамада өңделеді. Аталған тәсіл тестілеу нәтижелерін әділ әрі шынайы бағалайтындықтан, апелляция өткізілмейді.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер келесі бөлімдер бойынша шекті балл жинауы қажет:

- «Математика» бөлімі бойынша мүмкін болатын максималды 400 балдан 140 және одан жоғары шекті балл (35% және одан жоғары);

- «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша мүмкін болатын максималды 300 балдан 120 және одан жоғары шекті балл (40% және одан жоғары).

Мектептерге бөлінген грант санына сәйкес «Өркен» білім беру гранты шекті балл жинаған және кешенді тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлерге тағайындалады.

Үміткерлердің жалпы балл саны тең болған жағдайда, «Математика» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Сандық сипаттамалар» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, конкурсқа құжат тапсыру кезінде таңдаған оқыту тілінен (қазақ/орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Кешенді тестілеу нәтижелері төмендегілерді қамтиды:

  • үміткердің рұқсаттамасында көрсетілген тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК);

  • үміткердің шифрленген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

  • үміткердің кешенді тестілеу бөлімдері бойынша нәтижелері мен жинаған жалпы балы.

Үміткерлердің нәтижелері жалпы балл санына сәйкес сараланған реттілікпен (шекті балды жинағанына/жинамағанына қарамастан, ең жоғары жалпы балдан ең төмен жалпы балға дейін және оқыту тілі есепке алынбай) ұсынылады.

Шекті балл жинамаған үміткерлердің нәтижелері қызыл түспен белгіленген.

Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясы

мекен-жайы мен байланыс телефоны

ТСК-ға қатысты ақпарат алу үшін (рұқсаттаманы жоғалту, т.б.) төмендегі кестеде көрсетілген Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет:

Мектеп

Мекенжайы

Телефоны

1

НЗМ Астана-Нұра

Хусейн бен Талал көш., 21

8 (7172) 57-57-85

2

НЗМ Астана

Хусейн бен Талал көш., 19

8 (7172) 55-80-33

3

НЗМ Алматы-Медеу

Таулы қырат ы/а, Жамақаев көш., 145

8 (727) 331-01-00

8 (727) 331-01-04

4

НЗМ Алматы-Наурызбай

Қалқаман-2 ы/а, Елібаев көш., 2

8 (727) 338-33-00

5

НЗМ Ақтау

33-ы/а, 16-ғимарат

8 (7292) 70-10-66

8 (7292) 70-10-61

6

НЗМ Ақтөбе

Астана ы/а, Мәңгілік ел көш.,

8-құрылыс

8 (7132) 41-17-37

7

НЗМ Атырау

Нұрсая ы/а, Елорда даңғ., 22

8 (7122) 55-85-51

8

НЗМ Қарағанды

Шахтерлер даңғ., 62

8 (7212) 50-78-55

9

НЗМ Көкшетау

Тілеулин көш., 59

8 (7162) 25-31-40

10

НЗМ Қостанай

Назарбаев даңғ., 239

8 (7142) 39-06-70

11

НЗМ Қызылорда

Сұлтан Бейбарыс көш., 6

8 (7242) 40-23-75

12

НЗМ Павлодар

Ткачев көш., 16/2

8 (7182) 66-34-10

8 (7182) 66-34-20

13

НЗМ Петропавл

Ибраев көш., 22А

8 (7152) 55-97-22

14

НЗМ Семей

Қарағайлы ы/а, 1

8 (7222) 63-63-50

15

НЗМ Өскемен

Сәтбаев даңғ., 53

8 (7232) 71-27-15

16

НЗМ Талдықорған

Қаратал даңғ., 47

8 (7282) 40-00-69

8 (7282) 40-00-51

17

НЗМ Тараз

Домалақ ана көш., 266

8 (7262) 99-98-56

18

НЗМ Түркістан

Жаңа қала ы/а, 32-көш., 13

8 (7253) 35-99-89

19

НЗМ Орал

Тәуелсіздік көш., 16

8 (7112) 24-65-12

20

НЗМ Шымкент-Абай

Ақжайық, 6

8 (7252) 29-44-88

21

НЗМ Шымкент-Қаратау

Нұрсәт ы/а, 1А

8 (7252) 77-55-34