
Құжаттар мен хабарландырулар
- /
- Хабарландыру /
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ асхана үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруге конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ асхана үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беруге конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ««NIS Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы» ЖМ атынан Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Хусейн Бен Талал к-сі 21/1, мекенжайы бойынша орналасқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ асхана үй-жайларын жабдықтармен және жиһаздармен мүліктік жалға беруге конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Жалға берілетін үй-жайлардың жалпы ауданы 992,1 ш. м. құрайды.
Жалдау мерзімі: шарт жасалған күннен бастап 11 (он бір) ай.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен бекітілген тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларына сәйкес ҚҚС-сыз айына 587 170 (бес жүз сексен жеті мың жұз жетпіс) теңге 00 тиыннан кем болмауға тиіс.
11 (он бір) айлық жалдау ақысының жалпы құны ҚҚС-сыз, кемінде 6 458 870 (алты миллион төрт жүз елу сегіз мың сексен жетпіс) теңге 00 тиынды құрауы тиіс.
Әлеуетті жалға алушылар өтінімдерді 2025 жылғы 08 маусым сағат 10:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Хусейн Бен Талал көшесі 21/1, мекенжайы бойынша Астана қаласындағы «Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы» ЖМ кешенге қызмет көрсету бөліміне мөрленген конверттерде ұсынады. 1 қабат, 4 блок, каб. 109, тел. 23-57-74 (ішкі.2262).
Әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Хусейн Бен Талал көшесі 21/1, 2025 жылғы 08 маусым сағат 11:00 ғимарат мекенжайы бойынша өткізілетін болады.
Әлеуетті жалға алушылардың өкілдері өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысуға болады.