Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ханты-Мансийск автономиялық округінің педагог қызметкерлерінің 2021 жылғы тамыз кеңесінде шақырылған шетелдік сарапшы ретінде сөз сөйледі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ханты-Мансийск автономиялық округінің педагог қызметкерлерінің 2021 жылғы тамыз кеңесінде шақырылған шетелдік сарапшы ретінде сөз сөйледі.

Күләш Шәмшидинова: «Бағалаудағы критериалды тәсіл білім беру жүйесіне деген сенімсіздік мәселесін шешуі мүмкін»
Өз сөзінде Күләш Ноғатайқызы ресейлік және шетелдік әріптестерімен критериалды бағалауды пайдалану және білім беру сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті.
– NIS-тегі критериалды бағалау жүйесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі оқу бағдарламалары мен бағалау арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламалардың мазмұны оқытудың мақсаттарын нақты анықтайды, ал бағалау критерийлері оқушыларға олардың оқуда сәтті екендіктерін түсінуге көмектесетін тұжырымдар болып табылады. Мұғалімнен оқушыға және ата-аналарға оқу материалын меңгеру сапасы туралы кері байланыс беру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Көптеген зерттеулер оқушылардың жетістіктерін жақсартуда кері байланыстың рөлі жоғары екендігін көрсетеді.
Пленарлық отырыс барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бұл тәсіліне Лондон Университеттік колледжінің білім беру институтының профессоры, Британдық сарапшы Питер Мехисто жоғары баға берді. Ол Күләш Шәмшидинованың оқушылар үшін ауызша кері байланыс оқу міндеттерін сындарлы шешу құралы ретінде қабылданады, ал мұғалімдерге оқушылармен қарым-қатынаста сенімге қол жеткізуге көмектеседі деген пікірімен келісті.
Күләш Ноғатайқызы бағалаудағы критериалдық тәсіл білім беру жүйесіне деген сенімсіздік проблемасының шешімі болып табылатынына сенім білдірді, өйткені мұндай жүйе білімді объективті бағалауға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оқушылардың белсенділігін арттырады және ата-аналар тарапынан қолдауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқарушы органдарға білім сапасын бақылап қана қоймай, оны басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл идеяны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шилибекова Югра – 2021 педагогтарының тамыз кеңесінің тақырыптық алаңдарының бірінде жалғастырды. Айдана Сенбекқызы бүгінгі таңда бағалау мәселелері үлкен ғылыми-педагогикалық қызығушылық тудыратынын атап өтті және NIS кейсінің мысалында бағалау жүйесінің трансформациясы мен критериалды тәсілдің артықшылықтарын көрсетті.
Ханты-Мансийск тамыз кеңесінің екінші күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесімен NIS-тің Білім беру бағдарламалары мен Педагогикалық шеберлік орталықтарының сарапшылары бөліспек.