banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы

Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы

news
15 тамызда "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ базасында онлайн форматта тамыз конференциясы өтті. Пленарлық бөлім НЗМ-нің ресми YouTube арнасында көрсетілді. Конференция модераторы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарушы директоры Қазжанова Айгүл Өмірқызы болды, сондай - ақ "Тұрақты Даму Қоры" ҚҚ директоры Тоқтарбаев Данияр Салауатұлы қатысты.

Конференцияның тақырыбы " Ауыл мектебі Powered by NIS " жобасының және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ-ның "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" қайырымдылық білім беру жобасының қатысушыларына үздік практикаларды беруге арналған.

Нақты кейстер мысалында басшылармен және мұғалімдермен ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру проблемалары пысықталды. Сыныпта оқытуды жақсарту және мектепті басқару бойынша жобаға қатысушылар арасында тәжірибе алмасты.

Еліміздің мұғалімдеріне білім берудегі озық тәжірибелер мен заманауи трендтер көрсетілді. "НЗМ" ДББҰ-ның 52 Спикері өз тәжірибелерімен бөлісіп, Zoom платформасында еліміздің 300-ден астам ұстаз қамти отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде 13 пәндік сессия өткізді.

Мұғалімдер үшін келесі бағыттар бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша практикумдар өткізілді:


Функционалдық оқуды дамыту
Сабақтарда креативті ойлауды дамыту
Математикалық сауаттылықты дамыту
Жаратылыстану сауаттылығын дамыту
Тарих сабақтарында зерттеу дағдыларын дамыту
Информатика сабақтарында цифрлық сауаттылықты дамыту.


Сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша практикумдар: математика, физика, химия, биология, информатика, География, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәндері бойынша тапсырмалардың форматы, мазмұны, оларды әзірлеу тәсілдері.