banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының аясында тірек мектептің таныстыруына қатысты

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының аясында тірек мектептің таныстыруына қатысты

news
2023 жылғы 11 қыркүйекте Қарағанды ​​облысының Осакаровка ауылында Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектептің тұсаукесері өтті. Тұсаукерге ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» ҚҚ өкілдері қатысты.

Мектеп сапалы оқыту мен оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық және зертханалық құралдармен жабдықталған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогтерді әдістемелік қолдауды жүзеге асырады. Жоба аясында тірек мектептерінің педагогтері үшін әдістемелік іс-шаралар өткізілуде: біліктілікті арттыру курстары, оқыту семинарлары, вебинарлар, басқару, оқыту, заманауи жабдықтарды пайдалану бойынша Зияткерлік мектептер базасындағы тағылымдамалар, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және функционалдық сауаттылықты бағалау бойынша тестілеу. 2022-2023 жылдары жобаға 17 ауыл мектебі қатысты, ал биыл тағы 63 мектеп қосылды.