
Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2023 жылғы 2-3 қарашада Астана қаласында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізеді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2023 жылғы 2-3 қарашада Астана қаласында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізеді

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2023 жылғы 2-3 қарашада Астана қаласында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізеді.
Биылғы «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» конференция тақырыбы – Қазақстанның білім беру кеңістігінде өзекті мәселе. Аталған іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінің ауылдық жерлеріндегі 80 тірек мектебінің басшылары мен мұғалімдері қатысады. Бұл ауылдық жерлерде өзгерістер көшбасшылары және өңірлерде білім берудің дамуына елеулі үлес қосатын педагог мамандар.
Конференция пленарлық мәжілістердегі баяндамалар, панельдік пікірталастар, секциялардағы жұмыс және шеберлік сабақтарын қоса алғанда қатысудың әртүрлі форматтарын ұсынады. Сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азияның білім беру саласындағы танымал тұлғалармен пікірталас алаңдары жоспарланған. Конференция аясында білім беру саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары мен ДББҰ серіктестері болып табылатын Кембридж университеті, Халықаралық мектептер кеңесі (CIS), сондай-ақ басқа да халықаралық деңгейде мойындалған ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалады.
Педагогтер елордалық жетекші университеттер мен мектептерге, театрлар мен концерттерге барады.