banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Алматы қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерін әдістемелік қолдау бойынша семинарлардың жаңа циклін бастады

Алматы қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерін әдістемелік қолдау бойынша семинарлардың жаңа циклін бастады

news
Алматы қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерін әдістемелік қолдау бойынша семинарлардың жаңа циклін бастады. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп-интернатының мұғалімдері үшін тағылымдамадан өтті. 

НЗМ мұғалімдері өткен оқу жылында басталған “Бірлескен оқу ортасын құру” тақырыбындағы тәжірибені тарату бойынша семинарлар легін жалғастыруда. 

Оқу мен оқытудағы үздік тәсілдерді, критериалды бағалауды тиімді қолдануды педагогтар жаратылыстану-математикалық бағыттағы ашық сабақтарда, ағылшын тілі сабақтарында және семинар-практикумда көрсетті. 

Мектептің психологиялық қызметі тірек мектеп мамандарының белсенділік ойындары арқылы “Ақылды маршрут. Soft skills икемді дағдылары”. Семинардың екінші жартысы тәрбие жұмысына арналды. Ұйымдастырушы кураторлар Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылып жатқан “ұрпақтар сабақтастығы”, “менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер”, “Ақылды бейсенбі” жобаларын тірек мекnептің мұғалімдеріне таныстырды.