banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • EdCrunch 2023: Қазақстандағы ауыл мектептері қалай дамиды?

EdCrunch 2023: Қазақстандағы ауыл мектептері қалай дамиды?

news
Алматыда 15 қараша 2023 жылы EdCrunch Х дәстүрлі конференциясы басталды. Негізгі тақырып – бәріне бірдей қолжетімді, сапалы білім. Конференция алаңында 350-ден астам спикер, білім беру саласындағы жетекші сарапшылар жеті тақырыптық тректе сөз сөйлейді.

Ауыл мектептерінің мұғалімдері екі күн бойы Лондондағы Westminster университетінің профессоры Хью Деллар, QS (Quacquarelli Symonds, Ұлыбритания) негізін қалаушы және президенті Нунцио Куакварелли, Experience Workshop білім беру желісінің директоры, STEAM саласындағы әлемдік сарапшы Кристоф Фенывеси, Финляндиядағы Хельсинки қысқа терапия институтының тең директоры, психиатр Бен Фюрман және АҚШ-тағы The Fab Foundation президенті әрі бас директоры Шерри Ласситер сынды мамандардың шеберлік сабақтарына қатысады.

Конференцияның басты мәселелерінің бірі ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттыру болмақ. «Ауыл мектебі немесе кедергілер: табысқа жетудің жалғыз мүмкіндігін қалай пайдалануға болады?» атты пікірталас алаңы да осы мәселеге арналады.

Еске сала кетсек, EdCrunch 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Конференцияның мақсаты – білім беру саласында технологияның негізгі бағыттары мен оқыту жүйесін түрлендіретін цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.

https://furo.kz/tpost/dpcmy1ndp1-edcrunch-2023-azastandai-auil-mektepter