banner

Тәжірибені тарату

  Ауыл мұғалімдері тағылымдамадан өтуде 

news
  Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Абай облысындағы Жарма, Аягөз, Ақсуат аудандарындағы білім беру ұйымдары тірек мектептері ретінде бекітілген. «Ауылды жердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасының аясында тірек мектептердің ұстаздары 2023 жылдың 20 қарашасында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында бас қосты. 

Тағылымдаға 80-нен аса мұғалім келді. Олар үшін зияткерлік мектептегі әріптестері арнайы бағдарлама әзірлеп, түрлі пәндерден тәжірибе алмасуға жағдай жасады. Одан бөлек, мектеп әкімшілігі, кітапханашылар, психологтар өз салалары бойынша сабақтар өткізсе, пән мұғалімдері сабақтан кейін дөңгелек үстелде бас қосты.  

«Біз Жарма ауданының Маяковский атындағы орта мектебімен, Аягөз ауданының Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясымен, Ақсуат ауданының Қожагелді батыр атындағы орта мектеп ұжымдарымен тығыз қарым-қатынастамыз. Ағымдағы оқу жылы басталысымен біздің ұстаздар аталған мектептерге барып, өз тәжірибелерімен бөліскен болатын. Біз бұл жұмыстарымызды оқу жылының екінші жартыжылдығында да  жалғастыратын боламыз», - дейді директордың  ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрғазы Тұрсынғазин. 

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі