Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаевтың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында сөйлег...
Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаевтың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында сөйлег...

Кіріспе
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары басшылығы мен ұжымына ауқымды ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырғаны және осында қатысу мүмкіндігін алғаным үшін алғыс айтқым келеді.
НЗМ конференциясы екінші жыл ауыл мектептері педагогтарын қатысушы ретінде қабылдап отыр. Өткен жылы мен тірек мектептерінің директорларына жобаға қатысу туралы сертификаттар бергендердің бірі болдым. «Бүгін залда 22 ауыл мектебі қатысып отыр. Мен осы залдың алдағы уақытта ауыл мектептерінің өкілдерімен толып отыратынына сеніп, үміт артамын»,-деп осыдан 1 жыл бұрын конференцияда өз арманымды айтқан болатынмын. Содан кейін мен бұл арманның тез орындалатынын елестете алмадым. Ал бүгін, бір жылдан кейін, мен толығымен дерлік ауыл мектептері педагогтарымен толған залдың алдында сөз сөйлеп тұрмын. Бұл мені шабыттандырады!
Ауыл мектептерінің тұрақты даму моделі
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры адамның әлеуметтік мәртебесіне, жасына және аумақтық тиістілігіне қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін жобаларды іске асырып келеді. Өз кезегінде, біздің қор тұрақты даму тұжырымдамасының қағидаттары бойынша қоғамды, билік пен бизнесті интеграциялауға арналған алаң болып табылады.
Мысалы, тірек мектептерді дамыту жобасын талдаған жөн. Жоба жеке демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мектептерді жарақтандыруды жаңартуды «Қазақстан Халқына» қоры (бизнестен түскен қаражат) қамтамасыз етеді. AITAS холдингі өз кезегінде жобаның операциялық және әкімшілік шығыстарын қаржыландырады. Жергілікті атқарушы органдар мектеп ғимараттарын дайындауды, интернетті, оқу үй-жайларында жарықтандыруды сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді, сондай-ақ, жергілікті жерлерде әкімшілік қолдауды қамтамасыз етеді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және оның орталықтары (ПШО, ПӨО, БББО) мектептерге әдістемелік қолдау көрсетуді және мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасын қамтамасыз етеді. Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры операциялық қызметті үйлестіретін жоба операторы ретінде әрекет етеді.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының тарихына үнілетін болсақ, қордың алғашқы жұмысы 2019 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлескен «Рowered by NIS ауыл мектебі» жобасы арқылы басталған болатын. Ең алғашқы мектеп Катон-Қарағай ауданындағы ауыл мектебі болған еді. Одан кейін, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының мектептері қосылды. Мектептердің дамуы үш кезеңде ұйымдастырылды:
Бірінші. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
Екінші. Ауыл мектептерінің материалдық базасын кезең-кезеңімен жаңарту.
Үшінші. 3 жыл бойы мектептерді әдістемелік қолдау.
Бүгінде жоба 6 ауылдық мектепті қамтиды. Мектептерде шамамен 1,5 млрд теңге сомасына материалдық база жаңартылды. Ал педагогикалық ұжым оқытудың жаңа технологиялары мен шеберлігі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізді. Ауыл мектептерінің педагогтары НЗМ базасында бірнеше рет тағылымдамадан өтті. Бүгінгі таңда бұл мектептер әдістемелік қолдау бағдарламасына қосылған.
«Рowered by NIS ауыл мектебі» жобасының табысты нәтижелерінің арқасында бағдарлама 2022 жылы «Қазақстан Халқына» қорынан қолдау алды. Бұл аталған тәжірибені Қазақстанның барлық 17 облысына кеңейтуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2022 жылы жобаның бірінші кезеңіне 17 мектеп енгізілді. Жобаға еліміздің әр өңірінен ерекшеліктерін ескере отырып, сынақтан өткізу мақсатында мектептер алынды.
Жобаның әр мектебі мен оның ұжымы бүкіл білім беру жүйесі алдындағы үлкен жауапкершілікті түсінді, өйткені болашақта масштабтау олардың нәтижелеріне байланысты болды. Мәселен, 2023 жылы жобаға бүгін конференцияға қатысып отырған 62 мектеп қосылған. Еліміздің 169 ауданы мен 27 моноқаласының әрқайсысында бұл көрсеткішті 200 – ге дейін жеткізу жоспарлануда.
Тірек ауылдық мектептер желісін құру жаңа білім беру жүйесін құрудағы алғашқы қадам ғана екенін атап өткен жөн. Тірек мектептер тек ауылдық білім берудің өсу нүктелері ғана емес. Болашақта оларға «магниттік мектептер» тағайындалып және олар бірге «тірек мектебі – магниттік мектеп» кешенін жасайды — бұл екінші қадам. Біз бүгін Ақтөбе облысында Ағарту министрлігінің қолдауымен осындай кешенді жоспарлап отырмыз. Онда әр тірек мектепке 3 магниттік мектеп бекітіледі.
Бірақ бұл 134 шағын мектепті қамтыған төрт "пилоттық" оқу модулінің бірі ғана:
Стриминг.
Тірек мектебінің мұғалімі магниттік мектепте сабақ береді.
Тірек мектебі мен магниттік мектеп педагогтерін бірлесіп оқыту.
Интернетсіз, бірақ цифрлық шешімдерді қолдана отырып оқыту.
Сонымен қатар, жобаның әрбір мектебі демеушілерден екі жаңартылған кабинет алды: 1) ғылым кабинеті (жаратылыстану-математикалық бағыттағы барлық пәндер), 2) цифрлық кабинет.
Болашақта пилоттық кезеңнің соңына қарай ең үлкен тиімділікті көрсететін модуль негізінде жобаны масштабтау жоспарлануда.
Біздің үшінші қадамымыз «Тірек мектебі – Магнитті мектеп»қосымша білім беру ұйымдарын кешенге қосып, білім округтерін құру. Бұл кез-келген ауыл оқушысын үздіксіз оқыту және дамыту жүйесін құруға ықпал етуі керек. Мәселе құрылымдардың заңды бағынуы туралы емес, тек баланың дамуының бірыңғай тұжырымдамасы және қызметтегі синхрондылық туралы екенін түсіну керек. Бірақ осы кезеңге дейін бізде алғашқы қадамдар бойынша одан да көп жұмыс бар.
Тірек мектебінің экожүйесі: Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының моделі
Бірінші блокта мен қорымыз бен серіктестеріміздің жобалары мен қызметі туралы айттым. Бұл жобаға қатысушы мектептерге жасалған жұмыстар мен болашақта жасалынатын жұмыстар туралы айтылды. Үш негізгі бағыт бар: Оқыту, жабдықтау және сүйемелдеу. Бірақ қазір біз «интеграциялық» деп атайтын жобаларға, яғни жобаға қатысушылар Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен серіктестерінен басқа да қосымша алатын жұмыстарға тоқталғым келеді тоқталғым келеді.
Біріншісі, мұғалімдерді ынталандыру және дамыту алаңдары. Біздің әріптестеріміз – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның бұл конференциясы осындай дәстүрлі алаңға айналуда.
Екі аптадан кейін біз Алматыдағы Edcrunch білім беру саласындағы технологиялар жөніндегі жаһандық конференцияда кездесетініміз қуантады, онда сіз білім беру саласындағы ең жаңа үрдістерді және EDTECH бағыттарын білуге мүмкіндік аласыз. Біздің Қор EdCrunch-тің демеушісі және серіктесі болып табылады және біздің жобаларымыздың барлық қатысушыларын конференцияға тегін қатысуға шақырады.
Биыл біз жаңа серіктестермен келісімге және ынтымақтастыққа қол жеткіздік.
Біріншісі - Массачусетс университеті. Бұл MIT Global Teaching Labs бағдарламасын жүзеге асыратын планетаның әр түкпірінде өзінің үздік студенттерінің тағылымдамасы бар әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Бұл бағдарламада Қазақстан тек екі рет таныстырылды: бұл НЗМ және Tamos мектептері. Бүгін біз Астана мен Алматыдағы Haileybury School, Астанадағы Tamos Space School және Алматыдағы Shoqan Private School сияқты оқу орындарының қатарында алғаш рет бағдарламаның Short list бағдарламасында ауылдық мемлекеттік мектеп – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ластаев ауылындағы орта мектеп өткенін мақтанышпен хабарлай аламыз. Айта кету керек, бұл мектеп біздің «Рowered by NIS ауыл мектебі» жобасында бірінші болды және біз оны бүгін жобамыздың түлегі деп атаймыз. Бұл ретте біз өз мектебімізді қолдауды жалғастырамыз, осындай жобаларға қатысуға ықпал жасаймыз.
Біз осы мектепке тартқан тағы бір жоба «Кружок» болды. Бұл жоба Ресейде сәтті жұмыс істеді. Мәскеудің топ-менеджерлері мен мықты мамандары ауылдық балаларға барып, ауылдарға сабақтар берді. Украинадағы соғысқа байланысты жобаның көптеген команда мүшелері шетелге шығып, бүгінде Германия, Грузия және Нидерландыда тұрады. Жоба командасы бізге шығып, Қазақстанда кезекті оқытуды жүзеге асыруға ниет білдірді. Міне, бір ай бұрын бізге ірі еуропалық компаниялардағы (Берлин мен Амстердам) мықты it-менеджерлер келіп, балаларымызға веб-бағдарламалауды үйретті. Елестетіп көріңізші, олар балаларды оқыту үшін 6500 км жол жүріп келді!
Цифрлық сауаттылық пен дағдыларды оқыту тақырыбын жалғастыра отырып, біз халықаралық компьютерлік сенімді және жүйелі серіктес іздеп, ШАГ Академиясын таптық. Бұл компания 1999 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде әлемнің 21 елінде ұсынылған, 100-ден астам филиалдары мен 2900 оқытушылары бар. Біздің Келісім шеңберінде ШАГ Академиясы өз күшімен жобамыздың екі мектебіне: Ақтөбе облысының Бестамақ ауылының орта мектебі мен Қарағанды облысының Ақтоғай ауылының орта мектебіне толыққанды оқыту жүргізу жауапкершілігін алды. Егер бұл мектептер нәтиже көрсетіп, біздің үміттерімізді растайтын болса, бағдарламаны басқа мектептерге де кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Roboland-халықаралық робототехника фестивалі. Өткен жылы біз мұндай ірі жарыстарда ауыл мектептері жоқ екенін байқадық. Мұның бірнеше объективті себептері бар. Мектептерде көбінесе өз командасын дайындауға және қатысуға қажетті робототехника жиынтығы болмайды. Биыл біз Robland фестивалінің серіктестері болдық және мектептеріміздің командаларын фестивальға қатысуға ықпал жасадық. Нәтижесінде, финалға ауыл мектептерінен 30-дан астам команда өтті. Бұл командалар үшін үлкен тәжірибе екенін білсек те, ауыл мектептерінен жеңістер күтеміз.
Робототехника бойынша "First" атты тағы бір чемпионат бар. Бұл робототехника жарыстарының арасында "Чемпиондар лигасы" (футболдағыдай). Бүгін біз мектептерімізге олардың философиясын енгізу үшін Қазақстандағы First өкілдер тобымен жұмыс істейміз. Сонымен, бірінші жоба Макинск мектебінің гимназиясында FabLab кабинетінің ашылуы болды, ол әртүрлі мектеп жобаларын жүзеге асыруға серпін беруі керек. Бұл мектеп бағдарламасына PBL (жобалық оқыту) енгізу жолындағы алғашқы қадам деп үміттенеміз. Бұл біз әлі жұмыс істеп, бақылауды жоспарлап отырған пилоттық жобамыз. Тәсілдің сәттілігімен біз өзімізде жобалық оқытуды тереңдетуді қалайтын басқа мектептерге де масштабтауды жоспарлап отырмыз.
Өз сөзімді Катонқарағай ауданындағы нәтижелі 3 мектепті айтып, аяқтағым келеді.
Өріл ауылындағы орта мектеп – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 3 директоры шыққан бірегей орын. Мектеп оқытушыларының барлығы дерлік өз түлектері. Мектеп жобаға 2021 жылы кірді, бірақ өте жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде мектепте көптеген қалаларда кездеспейтін заманауи кітапхана бар. Бұл жер бүкіл ауыл үшін қауымдастық орталығына айналды. Онда балалар оқып қана қоймай, кез-келген ауыл тұрғыны кітап оқып, өз уақытын тиімді өткізе алады.
Жоғарыда өз сөзімде айтып кеткен үстел теннисі бойынша мектепті іске қосқан С.Ластаев орта мектебі. Біздің келіссөздеріміз бойынша Үстел теннисі федерациясы жаз бойы мектептің дене шынықтыру мұғалімдерін оқытты. Білімдерін жетілдірген мұғалімдер өз кезегінде білімдерін балалармен де, ауыл тұрғындарымен де бөлісіп отыр. Әр демалыс сайын мектепте өз чемпионаттары өтеді. Осы мектепте Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің оқытушысы (Астана қ.) заманауи Халық музыкасы кабинетінде сабақ береді. Ол айына бір рет келіп, қарқынды сабақтар өткізеді. Нәтижесінде нотаны алғаш үйренген балалардың өзі өткен жылы Халықаралық халық музыкасы фестивалінің Гран-приін жеңіп алды
Қорытындысы бұл мектеп ұжымы. Біз жұмыс барысында білім беру турларын ұйымдастырамыз. Астана, Алматы, Қырғызстанға сапарлар болды. Катонқарағай ауданындағы мектептеріміздің ұжымы бұл турларға әрдайым қатысады, әрдайым жаңа тың идеялармен танысып, оларды өз мектептерінде жүзеге асырады. Маған осындай жаһандылық өте қатты ұнайтынын айтқым келеді.
Өз сөзімде мен бүгін біздің бірлесе атқарып отырған үлкен жобамызға енген мектептердің даму келешегі туралы айтуға тырыстым. Материалдық базаны жаңарту және біліктілікті арттыру үлкен және қызықты жолдың басы ғана екенін түсіндіргім келді. Егер мектептің өзі және оның ұжымы өзгерістерге дайын болса, біздің қор мен серіктестер әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Рахмет!