Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- NIS пен БИЛ өкілдері білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады
NIS пен БИЛ өкілдері білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының өкілдері білім беру жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Білім беру бағдарламалары, Педагогикалық өлшеулер және Педагогикалық шеберлік орталықтары өз қызметі жайында баяндамаса жасады.
Сондай-ақ қонақтарға Қазақстанда баламасы жоқ Beyim Tech цифрлық жобасы таныстырылды.
«Білім-Инновация» қорының өкілдері NIS жобаларына жоғары қызығушылық танытып, еліміздегі білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында NIS және «Білім-Инновация» қоры екі ұйым арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.