Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- 5-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастады
5-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастады

26 наурыздан бастап 5-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастады.
Виртуалды мектеп – 5 және 6-сынып оқушыларын «Өркен» білім беру гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында оқуға конкурстық іріктеуге дайындайтын тегін білім беру платформасы.
Виртуалды мектептің «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндерінен оқу бағдарламалары білім берудің тиімділігін арттыруға, баланың ынтасы мен қажетті дағдыларын дамытуға және Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға мүмкіндік береді.
Виртуалды мектепте оқу аяқталғаннан кейін оқушы қашықтан өтілген тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындау және қорытынды тесттен өтуі қажет.