
Конкурстық іріктеу нәтижелері
- /
- 2024-2025 оқу жылы /
- «Өркен» білім беру гранты
«Өркен» білім беру гранты
2024 жылғы 17 – қазан күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2024-2025 оқу жылынан бастап бос орындарға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде ДББҰ-ның Басқарма отырысы өткізілді.
Басқарма отырысының нәтижесінде 13 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды:
№ | Зияткерлік мектеп | «Өркен» білім беру грантының саны |
1 | Астана қ. ФМБ НЗМ | 1 |
2 | Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ | 2 |
3 | Атырау қ. ХББ НЗМ | 3 |
4 | Қызылорда қ. ХББ НЗМ | 1 |
5 | Семей қ. ФМБ НЗМ | 2 |
6 | Түркістан қ. ХББ НЗМ | 3 |
7 | Шымкент қ. ХББ НЗМ | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 13 |
«Өркен» білім беру гранты иегерлерінің заңды өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектебінен хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау туралы өтініш беріп, білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісім-шартқа қол қоюы қажет.
Грант иегерлерінің тізімі
Резервке алынғандардың тізімі