banner

Конкурстық іріктеу нәтижелері

  • /
  • 2025-2026 оқу жылы /
  • 2025-2026 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің кешенді тестілеу нәтижелері

2025-2026 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің кешенді тестілеу нәтижелері

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Осы бетте 2025 жылғы 27-28 наурызда өткен 2025-2026 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу нәтижелерімен танысуға болады.

1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест:

  1. «Математика» бөлімі – 400 балл;

  2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;

  3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.

2-күн. Тілдік тест:

  1. Қазақ тілі – 200 балл;

  2. Орыс тілі – 200 балл;

  3. Ағылшын тілі – 200 балл.

Тестілеу нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Cito Педагогикалық өлшеулер институтында жүзеге асырылады. Үміткерлердің жауаптары статистикалық және психометриялық талдауға негізделген арнайы бағдарламалық жасақтамада өңделеді. Аталған тәсіл тестілеу нәтижелерін әділ әрі шынайы бағалайды, сондықтан апелляцияны қажет етпейді.

7-сыныптардың кешенді тестілеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер келесі бөлімдер бойынша шекті балдарды жинауы қажет:

- «Математика» бөлімі бойынша максималды ықтимал 400 балдан 140 және одан жоғары шекті балл (35% және одан жоғары);

- «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша максималды ықтимал балдан (300 балл) 120 және одан жоғары шекті балл (40% және одан жоғары).

«Өркен» білім беру гранты мектептерге бөлінген грант санына сәйкес шекті балл жинаған және кешенді тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлерге тағайындалады.

Үміткерлердің жалпы балл саны тең болған жағдайда, «Математика» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Сандық сипаттамалар» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, конкурсқа құжат тапсыру кезінде таңдаған оқыту тілінен (қазақ/орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Кешенді тестілеу нәтижелері төмендегілерді қамтиды:

- үміткердің рұқсатнамасында көрсетілген тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК);

- үміткердің шифрленген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

- үміткерлердің кешенді тестілеу бөлімдері бойынша нәтижелері мен жинаған жалпы балы.

Үміткерлердің нәтижелері жалпы балл санына сәйкес сараланған тәртіппен (шекті балды жинағанына/жинамағанына қарамастан, ең жоғары жалпы балдан ең төмен жалпы балға дейін және оқыту тілі есепке алынбай) ұсынылады.

Шекті балл жинамаған үміткерлердің нәтижелері қызыл түспен белгіленген.

Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясы

мекен-жайы мен байланыс телефоны

ТСК-ға қатысты ақпарат алу үшін (рұқсатнаманы жоғалту, т.б.) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет:

Мектеп

Мекен-жайы

Телефон

1

Астана қ. ФМБ НЗМ

 Хусейн бен Талал к., 21

 8 (7172) 57-57-85

2

Астана қ. НЗМ

 Хусейн бен Талал к., 19

 8 (7172) 50-80-33

3

Алматы қ. ФМБ НЗМ

 Таулы қырат ы/а, Жамақаев к., 145

 8 (727) 331-01-04

4

Алматы қ. ХББ НЗМ

 Қалқаман-2 ы/а, Елібаев к., 2

 8 (727) 338-33-00

5

Ақтау қ. ХББ НЗМ

 33-ы/а, 16-ғимарат

 8 (7292) 70-10-61

8 (7292) 70-10-66

6

Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ

 Астана ы/а, Мәңгілік ел к.,

8-құрылыс

 8 (7132) 41-17-37

7

Атырау қ. ХББ НЗМ

 Нұрсая ы/а, Елорда даңғылы, 22

 8 (7122) 55-85-51

8

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

 Шахтерлер даңғылы, 62

 8 (7212) 50-78-55

9

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

 Тілеулин к., 59

 8 (7162) 25-31-40

10

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

 Назарбаев даңғылы, 239

 8 (7142) 39-06-70

11

Қызылорда қ. ХББ НЗМ

 Сұлтан Бейбарыс к., 6

 8 (7242) 40-23-75

12

Павлодар қ. ХББ НЗМ

 Ткачев к., 16/2

 8 (7182) 66-34-10

13

Петропавл қ. ХББ НЗМ

 Ибраев к., 22А

 8 (7152) 55-97-22

8 775 576 47 93

14

Семей қ. ФМБ НЗМ

 Қарағайлы ы/а, 1

 8 (7222) 63-63-50

15

Өскемен қ. ХББ НЗМ

 Сатпаев даңғылы, 53

 8 (7232) 71-27-15

16

Орал қ. ФМБ НЗМ

 Тәуелсіздік к., 16

 8 (7112) 24-65-12

17

Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

 Қаратал даңғ., 47

 8 (7282) 40-00-69

18

Тараз қ. ФМБ НЗМ

 Домалақ ана к., 266

 8 (7262) 99-98-56

19

Түркістан қ. ХББ НЗМ

 Жаңа қала ы/а, 32-к., 13

 8 (72533)5-99-89

20

Шымкент қ. ФМБ НЗМ

 Ақжайық, 6

 8 (7252) 29-44-88

21

Шымкент қ. ХББ НЗМ

 Нұрсәт ы/а, 1А

 8 (7252) 77-55-34