
Конкурстық іріктеу нәтижелері
- /
- Архив /
- «Өркен» білім беру гранты
«Өркен» білім беру гранты
«Өркен» білім беру гранты
2023 жылғы 5-қыркүйек күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2023-2024 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында білім алатын жалпы резервтік тізімдегі үміткерлерге «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде ДББҰ-ның Басқарма отырысы өткізілді.
Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бөлінген 16 грантты қайта бөлуге сәйкес келесі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 16 ваканттық орын пайда болды:
№ | Зияткерлік мектептер | ДББҰ Басқармасының 2023 жылғы 5-қыркүйектегі шешіміне сәйкес гранттар саны | Гранттарды қайта бөлу нәтижесіндегі ваканттық орындар саны | ДББҰ Басқармасының 2023 жылғы 5-қыркүйектегі шешіміне сәйкес жалпы резервтік тізімнен тағайындалған гранттар* |
1 | Астана қ. ФМБ НЗМ | 157 | 13 | 13 |
2 | Алматы қ. ФМБ НЗМ | 147 | 3 | 3 |
Барлығы | 16 | 16 |
*«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығының 13-тармағына сәйкес
Басқарма отырысының нәтижесінде 16 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды.
№ | Зияткерлік мектептер | Грант тізімі | Резервтік тізім |
1 | Астана қ. ФМБ НЗМ | Жүктеу | Жүктеу |
2 | Алматы қ. ФМБ НЗМ | Жүктеу | Жүктеу |
Жалпы резервтік тізім
Барлық мектептердің барлық үміткерлерінің бірыңғай сараланған резервтік тізім ағымдағы оқу жылына жарамды (2023-2024 о.ж.).