
Жаңалықтар
Жанар Әбішева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды

05 қазан 2024
Бүгін – Ұстаздар күнінде Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалім-сарапшысы Жанар Әбішева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.
\nЖанар Әбішеваға мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.
\nЖанар Семейханқызы – педагогика саласында 28 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман, оның 14 жылын Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінің дамуына арнаған. Ұстаздың шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп жүр. Мысалы, осы жылы Айзере Жеңісханова «Туймаада» халықаралық олимпиадасында жеңімпаз атанды.
\nСондай-ақ білім беру саласындағы айрықша еңбектері үшін Жанар Әбішева 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталса, биыл Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасына» ие болды.