banner

Оқушылардың толыққанды дамуы

Оқушылардың әл-ауқаты

Оқушылардың игілігі департаменті (бұдан әрі - Департамент) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің мақсаты – оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының психологиялық және медициналық қызметтерінің жұмысын үйлестіру, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін оқушылардың заңды өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығымен, жеке және заңды тұлғалармен кері байланыс орнату. 

Психологиялық қызмет оқушылардың менталдық әл-ауқатын қорғау, мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау мақсатында Зияткерлік мектептердегі педагог-психологтардың қызметін үйлестіреді және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетеді.

Медициналық қызмет оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, салауатты өмір салты мәдениетін дамыту, мектептегі санитарлық-экпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Зияткерлік мектептердегі медициналық қызметтердің жұмысын үйлестіреді.

ДББҰ сенім телефонына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және оның филиалдарының қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданады. 

Оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жобаларымыз 

7-сынып оқушыларына арналған балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» бағдарламасы (UNODC бірлескен). Жобаны іске асыруға психологтар, кураторлар, жатақхана тәрбиешілерінен құрылған тренерлер мен фасилитаторлар тобы қатысады.  
Бағдарламаның мақсаты – балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды тудыратын отбасылық факторлардың санын азайту болып табылады.  

8-9 сыныптарға арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы (UNICEF бірлескен). Жоба мектеп психологтарымен жүзеге асырылады. Бағдарлама көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерін, қосымша білім беру мұғалімдерін, сынып жетекшілерін, мектептің техникалық қызметкерлері мен күзетшілерін, ата-аналарды кризистік жағдайдағы оқушыларды анықтауға үйретуге бағытталған. 

Оқушыларды қорғау саясаты (оқушылар үшін)

Оқушыларды қорғау саясаты (ата-аналар үшін)

Оқушыларды қорғау саясаты (мұғалімдер үшін)