
Оқушылардың толыққанды дамуы
Ауыстыру туралы өтініш
Құрметті ата-аналар!
«Өркен» білім беру гранты негізінде оқитын Зияткерлік мектеп оқушыларын басқа Зияткерлік мектепке ауыстыру «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2025 жылғы 2-қазандағы (№46 хаттама) Басқарма шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқушыларды оқуға қабылдау және ауыстыру ережесі негізінде жүзеге асырылады. Ережені жүктеу
Ережеге сәйкес 8-10 сынып оқушыларын ауыстыру тек «Мектепті басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - МБЖ) «Өтініштер» бөлімінде жүзеге асырылады.
Заңды өкілдер өтінішті өзінің МБЖ-ға енетін тіркеу жазбасын қолданып тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналар МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыру кезегін қадағалай алады.
МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыруға өтініш беру туралы нұсқаулықпен осы жерде таныса аласыз.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Оқушыны басқа Зияткерлік мектепке ауыстыру «Өркен» білім беру гранты негізінде білім алатын оқушылардың оқудан шығарылуына байланысты сол сыныпта бос орындар болған жағдайда каникул кезінде тіркеу нөмірі мен күнін, өтінішті қабылдау уақытын ескере отырып, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Заңды өкіл басқа Зияткерлік мектепке оқушыны ауыстыру туралы өтінішті келесі жағдайда береді:
1) 8 сыныптарға шілде айының бірінші жұмыс күні сағат 9.00-ден бастап;
2) 9, 10 сыныптарға оқу жылының басына дейін және оқу жылы барысында;
Оқушылар 10-сыныпта оқуын аяқтаған соң басқа Зияткерлік мектепке ауысу туралы өтініштері өз күшін жояды.
Өтініштер қағаз жүзінде және ДББҰ кеңсесі арқылы қабылданбайды!
Ауыстыру жүзеге асырылмайды:
1) 7, 11, 12 сыныптарға;
2) Халықаралық Бакалавриаттың оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын Астана қаласының Зияткерлік мектебіне (ІВ).
Қосымша ақпарат алу үшін Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментіне 8-7172-23-57-38 телефоны арқылы хабарласуға болады.