
Жаңалықтар
Оқу-ағарту министрі халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын құттықтады

17 қазан 2024
Бүгін елордада халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті.
\nЕске салсақ, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Кирилл Ким IChO – 2024 олимпиадасында алтын медаль жеңіп алса, Абылай Қабдулхадыр күміс медаль иеленді. Ал IGeO – 2024 олимпиадасында Талдықорғандағы NIS оқушысы Ақжол Болат күміс жүлдені қанжығасына байласа, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Арсен Сыдықов пен Қанат Серікбай қола медальдерге ие болды.
\nАйта кетейік, халықаралық пәндік олимпиадаларда алтын медаль алған оқушыға 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, күміс медальға 1000 АЕК, ал қола медальға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындалды.