Оқуға түсу
Конкурс жөнінде хабарлама
Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылғы 27, 28 наурыз күндері өтеді.
Тестілеу құрылымы
27 наурыз (жұма) | 28 наурыз (сенбі) | ||||
Қабілеттілікті бағалау тесті | Тілдік тест | ||||
Математика | 40 тапсырма | 60 минут | Қазақ тілі | 20 тапсырма | 120 минут |
Сандық сипаттамалар | 60 тапсырма | 30 минут | Орыс тілі | 20 тапсырма | |
Жаратылыстану | 20 тапсырма | 30 минут | Ағылшын тілі | 20 тапсырма | |
Барлығы | 120 тапсырма | 120 минут | Барлығы | 60 тапсырма | 120 минут |
Тестілеуді өткізу уақыты
(құжат қабылдау кезінде берілген үміткердің рұқсаттамасын қараңыз)
№ | Іс-шара | 1 ауысым (қазақ тілінде оқыту) | 2 ауысым (қазақ және орыс тілінде оқыту) |
1 | Тіркеу | 07.00–09.00* | 13.30–15.30* |
2 | Бейненұсқаулық | 09.10–09.30 | 15.40 – 16.00 |
3 | Тестілеу | 09.30–11.30 | 16.00 – 18.00 |
*Тіркеу орталықтандырылған түрде келесі уақытта жабылады:
1 ауысым үшін сағат 09:00
2 ауысым үшін сағат 15:30
! Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді.
! Тестілеудің бірінші күнінде болмаған үміткер тестілеудің екінші күніне жіберілмейді.
Үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:
1) рұқсаттама;
2) қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
3) этикеткасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.
Тыйым салынған заттар
Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
- ұялы телефон, смартфон | - кітаптар, оқулықтар | - шимай парақтар |
- фото/бейне құрылғылар | - сөздіктер | - циркуль |
- қарындаштар мен өшіргіштер - маркерлер - калькуляторлар | - сызғыштар, пенал - сөмке - блокноттар | - тамақ және сусындар (судан басқа) - жазу құрылғылары |
- құлаққаптар | - кепка, шапкалар | - басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат) |
Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!
Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.
Үміткерлердің тәртіп ережесі жүктеу
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2026 – 2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтардан 9-ақпанға дейін жүргізіледі.
Мерекелік күн:2026 жылғы 7-қаңтар
Құжаттарды қабылдау:
1) eGov.kz веб-порталы арқылы 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап 9-ақпан сағат 18:00-ге дейін тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;
2) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін жүргізіледі.
Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.
Кешенді тест 2026 жылғы 27, 28 наурыз күндері өтеді.
Кешенді тесттің өту мерзімі | Тест | Тесттің ұзақты-лығы | Кешенді тесттің нәтижесі | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі |
27 наурыз 2026 жыл | Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті: - Сандық сипаттамалар - Жаратылыстану | 120 минут | Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі Жұмыс органымен шығарылады |
28 наурыз 2026 жыл | Тілдік тест: | 120 минут |
Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
№ | Назарбаев Зияткерлік мектебі | Мекен-жайы | Телефон |
1 | Астана-Нұра НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 21 ғимарат | 8 (7172) 57-57-85 |
2 | Астана НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 19 ғимарат | 8 (7172) 55-80-33 |
3 | Алматы-Медеу НЗМ | Горный Гигант ы.а., Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаев к. қиылысы | 8 (727) 331-01-00 331-01-04 |
4 | Алматы-Наурызбай НЗМ | Қалқаман - 2 ы.а., Елібаев көшесі, 2 | 8 (727) 338-33-46 |
5 | Ақтау НЗМ | 33 ы.а., 16 ғимарат | 8 (7292) 70-10-66 8 (7292) 70-10-61 |
6 | Ақтөбе НЗМ | Астана ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 ғимарат | 8 (7132) 41-17-37 |
7 | Атырау НЗМ | Нұрсая ықшам ауданы, Елорда даңғылы, 22 ғимарат | 8 (7122) 55-85-51 |
8 | Қарағанды НЗМ | Шахтерлер даңғылы, 62 | 8 (7212) 50-78-55 |
9 | Көкшетау НЗМ | Ж. Тлеулин көшесі, 59 | 8 (7162) 25-31-40 |
10 | Қостанай НЗМ | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239 | 8 (7142) 39-06-70 |
11 | Қызылорда НЗМ | Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6 | 8 7242 40-23-75 |
12 | Павлодар НЗМ | Ткачев көшесі, 16/2 | 8 (7182) 66-34-10 8 (7182) 66-34-20 |
13 | Петропавл НЗМ | И. Ибраев көшесі, 22 А | 8 (7152) 55-97-28 |
14 | Семей НЗМ | Қарағайлы ы.а., 1 | 8 (7222) 63-63-50 |
15 | Өскемен НЗМ | Қ.Сәтпаев даңғылы, 53 | 8 (7232) 71-27-22 |
16 | Талдықорған НЗМ | Қаратал ы.а., №47 | 8 (7282) 400069 8 (7282) 400051 |
17 | Тараз НЗМ | Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 | 8 (7262) 99-98-56 |
18 | Түркістан НЗМ | Жаңа қала ы.а., 32 көше, 13 ғимарат | 8 (7253)35-99-89 |
19 | Орал НЗМ | Тәуелсіздік көшесі, 16 | 8 (7112)24-65-12 |
20 | Шымкент-Абай НЗМ | Ақжайық ы.а., Элитный қалашығы, 6 ғимарат | 8 (7252) 29-44-88 |
21 | Шымкент-Қаратау НЗМ | Нұрсәт ы.а., 1А үй | 8 (7252) 77-55-33 |
Зияткерлік мектептердің веб-сайттарына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://schools.nis.edu.kz/kk