
Жаңалықтар
Зияткерлік мектептердің 33 педагогі Ұстаздар күніне орай марапаттарға ие болды

04 қазан 2024
NIS педагогтері кәсіби мереке – Ұстаздар күні қарсаңында Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен марапатталды. Үш ұстаз биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломын алды. Олардың ішінде Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS-тің педагог-модераторы Шолпан Әбішева, Қостанай қаласындағы NIS-тен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Рашит Тәтімбеков және математика пәнінің мұғалімі Майра Мұсабекова бар.
\nШолпан Әбішева – Pro.NRG 2023 халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы, «Science on stage Europe – 2024» фестивалінің делегаты. Сондай-ақ ол ХХІХ халықаралық ТУЙМААДА олимпиадасының алтын медаль иегері Еңлік Бақытбекованың жетекші-жаттықтырушысы.
\nРашит Тәтімбеков – «Сабақтарды бақылау жүйесі» цифрлық ресурсының, «Білім берудегі цифрландыру және инновациялар» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағының тең авторы, білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының жеңімпазы.
\nМайра Мұсабекова болса педагогикада 24 жыл жұмыс істеген, оның 7 жылын NIS жүйесінің дамуына арнаған. Оның оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында, Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалар сайыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар білікті педагог «Онлайн мектеп» білім беру жобасына атсалысқан.
\nБұдан бөлек NIS-тің 30 мұғалімі алғысхатпен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда:
\nАқтаудағы NIS\nРинат Жұмабаев – Құрмет грамотасы\nМирас Құрбанғалиев – Алғысхат
\nАлматыдағы физика-математика бағытындағы NIS\nРаушан Бугуева – Құрмет грамотасы\nМедет Ақшалов – Құрмет грамотасы
\nАстанадағы NIS\nҚымбат Дүйсембаева, Арман Иманшарипова – Құрмет грамотасы
\nАтыраудағы NIS\nЕрали Бижанов, Айнагүл Арыстанбаева, Миржан Сұлтанов және Айсауле Тілеулесова – Алғысхат
\nКөкшетаудағы NIS\nБақыт Мұсағұлова, Ботагөз Әбдірахманова – Құрмет грамотасы А\nйгүл Төлеубаева, Лаура Шегірова – Алғысхат
\nҚызылордадағы NIS\nАйгүл Әбуова – Құрмет грамотасы\nГаухар Мананбай – Алғысхат
\nСемейдегі NIS\nҚұралай Қалиева – Құрмет грамотасы\nХафиза Акимжанова – Алғысхат
\nТалдықорғандағы NIS\nНаталья Ким – Алғысхат
\nАлматыдағы химия-биология бағытындағы NIS\nШакан Ясынжан – Алғысхат
\nТараздағы NIS\nСтанислав Котов – Құрмет грамотасы
\nӨскемендегі NIS
\nЖанар Әбішева – Құрмет грамотасы
Оралдағы NIS\nШолпан Хайруллина – Құрмет грамотасы\nЭльвира Айдыналиева, Балжан Темербаева, Жәмила Хусанова – Алғысхат
\nШымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS\nГүлжамила Сүлейменова, Айжан Сәрсенбаева, Салтанат Жалмаханова, Алтынай Әселбекова – Құрмет грамотасы