
NIS экожүйесі
BeyimTech by NIS
Біз туралы
«BeyimTech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - BeyimTech) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлға болып табылады. 2023 жылғы 20 қазанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен құрылды.
Beyimtech – бұл EdTech компаниясы, Astana Hub резиденті, инновациялық білім беру өнімдерін жасауда озық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізеді.
Beyimtech қызметінің негізгі мақсаты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгілі бір тапсырмаларды орындайтын ақпараттық жүйелерді, бағдарламаларды, сервистерді, өнімдерді құру болып табылады. Сондай-ақ инновациялық білім беру өнімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, болашақ көшбасшыларын шабыттандыру және қолдау.
Миссия
Оқушылардың білім беру қызметінің сапасын арттыруға және олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін интеграцияланған білім беру экожүйесін құру арқылы Қазақстанда және одан тыс аймақта озық цифрлық білім беру кеңістігін қалыптастыру.
Қызметтің негізгі бағыттары:
Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді әзірлеу.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді ұйымдастырылған түрде, кезең-кезеңмен енгізу.
IT-технологиялар саласында тренингтер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.
Халықаралық форумдарға, конференцияларға қатысу, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді ұсыну.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді әзірлеу, бейімдеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Интернет және ақпараттық технологиялар саласында жаңа технологияларды, бағдарламалық өнімдерді құруды ұйымдастыру және қолдау.
Серіктестіктің мақсатына жетуге бағытталған ғылыми-әдістемелік, консультациялық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды жүргізу.