
Орталықтар
NIS Педагогикалық өлшеулер орталығы
Құрылу тарихы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы оқушылар мен мұғалімдерді конкурстық іріктеу жүйесін қалыптастыру және оның қызметін қамтамасыз ету үшін, білім сапасын қамтамасыз етуді бағалау, мониторинг және оқыту деңгейлеріне сәйкес зияткерлік мектептер оқушыларының білім жетістіктері мен қорытынды аттестаттау мониторингін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдың ақпан айында құрылды.
Миссия
ПӨО миссиясы – көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін зияткерлік мектептердің білім беру сапасы туралы анық және дәйектi ақпаратты жинап, ДББҰ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына жеткізу.
Қызметінің негізгі бағыттары
бағалау рәсімдерінің әдіснамасын әзірлеу;
өлшеу құралдарын әзірлеу және енгізу;
нұсқаулық материалдарын әзірлеу;
бағалау рәсімдерін жүргізу;
білім беру статистикасын жүргізу;
талдау, қорытындылар, ұсыныстар;
ақпараттандыру;
стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 23 57 66
E-mail: info@cpi.nis.edu.kz