banner

Жаңалықтар

SAMGAU-2024

news

13 қаңтар 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде осымен үшінші рет дәстүрлі SAMGAU түлектер форумы өтті. Ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын бірегей жиын мектеп оқушылары мен түлектерді кездестіріп, өзара пікір алмасуға бағытталған. Түлектер өздері оқыған мектептерге келіп, оқушыларға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқу мен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форумға NIS-тің 1000-ға жуық түлегі жиналды. Олар ЖОО-ға дайындық кезеңдері, дұрыс бағдарлама таңдаудың маңыздылығы, күрделі байқау рәсімдерінен сенімді өту туралы лайфхактарын айтты.

Іс-шара интерактивті сессиялар мен шеберлік сағаты форматында өтті. Оқушылар түлектерге сұрақтарын қойып, кеңес алды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің миссиясын өмірде қаншалықты қолданатындарын сұрады.

SAMGAU форумы білім алмасу алаңы ғана емес, мектеп оқушыларына шабыт беретін мотивациялық кездесуге айналды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-