banner

Жаңалықтар

2025 жылғы Республикалық желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі

news

10 қаңтар 2025

Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында 9-12 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың III кезеңі (желілік) аяқталды. 1000-нан аса қатысушы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білімдерін көрсетті.

Олардың 556-сы жүлдегер атанса, қола медальға 286-сы, 177-сі күміс және 93-і алтын медальды өзара бөлісті.

Қазылар алқасының құрамында жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды.

Желілік кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысушылар тізімі жасалады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері сілтемеде.

2025 жылғы Республикалық желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі