
Жаңалықтар
Республикалық олимпиаданың III желілік кезеңі қорытындыланды

02 мамыр 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III желілік кезеңі мәресіне жетті.
Білім байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 1300-ден астам оқушы қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Қазылар алқасының отырысы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS пен Павлодардағы Зияткерлік мектептің базасында өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 576 оқушы жүлделі орынға ие болды.
Желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің толық тізімі келесі сілтемеде: Желілік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі